18.3 C
Shymkent
5 апреля, 2025
aspan

АДАЛДЫҚ-АДАМДЫҚ БЕЙНЕСІ

АДАЛДЫҚ-АДАМДЫҚ БЕЙНЕСІ

Қоғамдағы ең үлкен індет-жемқорлық. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қолдауымен «Адалдық адамдық белгісі» атты қалалық сурет байқауы өтті.Алғаш рет ұйымдастырылған шараға қатысушы студенттер мен оқушылардың қарасы көп болды.Толығырақ тілші тарқатады.

Шара мақсатыШымкент қаласы тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.Жемқорлықпен күресу-қоғамның,әр азаматтың ортақ ісі және міндеті екенін жастардың патриоттық сезімін арттыру.Өнерлі ұрпақтың таланттарын тиімді пайдалана отырып,білім жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нығайту болды.

Жалпы байқауға 13 мекемеден 92 жас қатысты.Жас айырмашылықтарына қарай 1 кезеңді 2 топқа бөлді.1 топ 14 пен 16 жас болса,2 топ 17 мен 21 жас аралығы болды.Ал байқаудың жүлде қоры 450 мың тг құрады.Осы байқауға бағын сынап келген,жас суретші Дүйсенбай Аяна мұндай мүмкіндіктерді жіберіп алмайтынын жеткізді.

 «Жемқорлыққа жол жоқ!»Дәл осы тақырыпта сурет салған жастар,болашақта  мәдени құндылықтарды,әдет-ғұрыппен салт-дәстүрді дәріптейтін дарынды жастар болуы бек мүмкін.Осындай мәдени шаралар арқылы еліміз  жастардың бойындағы шығармашылыққа деген талпыныстарын арттыруда.

Related posts

МАЛ ЖАЮ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУДЫҢ 100-ГЕ ЖУЫҚ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ІРІ ҰТЫСТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙТЫН АЛАЯҚТЫҚ CALL-ОРТАЛЫҒЫ ЖОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ТРАМП ХАМАС-ТАН ИЗРАИЛЬДІК ТҰТҚЫНДАРДЫ БОСАТУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

Телеарна ХанТВ