20.3 C
Shymkent
16 октября, 2026
aspan

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ДӘРІПТЕЛДІ

Шымкент қаласындағы «Металлург» спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Жақсығұл Мерген атындағы Азия кубогі өтті. Үш күнге созылған тартысты бәсекеде Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков жүлдегер спортшыларға дипломдар мен медальдар табыстады.

Додаға Қазақстанның 20 өңірінен және әлемнің 10 елінен командалар келді. Жалпы жарысқа 150 ге жуық мергендер қатысып ұлттық спортымызды дәріптеуге өз үлестерін қосты.

ЕРБОЛ ТАПЕНОВ ерлер арасында өткен Жамбы стилі бойынша алтынды қанжығасына байлады.Айтуынша АЗИЯ кубогынің шымкент қаласында өтуінің өзі ұлттық өнерді дәріптеуге деген үлкен бастама дейді.

Жарысқа келген шет елдің спортшылары байрақты бәсекенің  жоғары деңгейде өткенін айтып, қазақ халқының қонақжайлығына ризалықтарын білдіріп,  алғыстарын жеткізді.

Жарыста отандастарымыз аталмыш  додада  жалпы 14 медальді қанжығасына   байлады. Сондай -ақ жеңімпаздар қатарында Қырғызстан,  Туркия елінен келген мергендерде бар.

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«КӨКТЕМ» БАЗАРЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Han TV

Гонконгта жүк таситын ұшақ теңізге құлап, екі адам қаза тапты

Телеарна ХанТВ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ «АЙҚЫЗ АНА» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫ

Телеарна ХанТВ