aspan

ТІС ЕМХАНАСЫНАН ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН ЕР АДАМ БЕЙНЕКАМЕРАҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ

Полиция қызметкерлерімен Тараз қаласындағы тіс емханаларының бірінде орын алған ұрлық дерегі бойынша 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды.Оның тіс емханасы ішіндегі кассадан 455 000 теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған.

Ер адам ұрлаған қаражатты жеке қажеттілігіне жаратып жібергендігі анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

Han TV

Гори всё синим пламенем: чья халатность погубила 14 жизней

admin

НАУҚАСҚА ДЕГЕН ЫҚЫЛАС ПЕН КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ДӘРІГЕР ГҮЛНОЗА ТАШХОДЖАЕВАНЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Телеарна ХанТВ