29.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

«SHYMKENT HUB» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында өңірлік технопарк іске қосылды. Жаңадан ашылған «Shymkent Hub» орталығы – «Astana Hub-тың» басқаруындағы 15-ші өңірлік хаб. Технопарктың ашылуына Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев және Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Еліміздегі технологиялық кәсіпкерлікті ілгерілетуді көздейтін сала мамандары үшін орталық үлкен мүмкіндік береді. Жиынға жиналған IT саласының мамандары Tolem, Alaqan, Digital cargo мен iUtest сияқты еліміздің ірі IT- стартаптарының көрмесін ұйымдастырған. Сонымен қатар, TechOrda бағдарламасы шеңберінде IT-компаниялар, робототехника мектебі мен жеке IT-мектептер және Шымкент қаласындағы инновациялық жобалардың жұмысы көрермен назарынан тыс қалған жоқ.

Министр қазіргі таңда цифрландыру саясатының дара жолға қойылғанын, жасанды интеллектпен жұмыс жасаудың едәуір тиімді екендігіе атап өтіп, орталықтық еліміз үшін маңызды екендігіне тоқталып өтті.

Shymkent Hub ғимаратында Astana Hub-тың білім беру және инкубациялық бағдарламалары жүзеге асырылған. Мұнда митаптар, Pizza Pitch, воркшоптар, Speaker Talks, Idea Battle және IT-қауымдастықтың қалыптасуына ықпал ететін басқа да көптеген түрлі іс-шаралардың өтуінк мүмкіндік бар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАР КӨШКІНІ БОЛУЫ МҮМКІН

Телеарна ХанТВ

БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТУДЕ

Телеарна ХанТВ

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: БИЫЛ ЖАРЫҚТАНДЫРУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 100% ЖЕТЕДІ

Телеарна ХанТВ