28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ӨРТТЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ ӨСІП ЖАТЫР

 АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласы маңында шыққан өрттен қаза тапқандардың саны сәт санап өсіп жатыр. Қазірдің өзінде бес адамға жетті. Ал мыңнан аса ғимарат қирап, 1,5 миллион адам жарықсыз қалды. Әйгілі Голливуд орналасқан шаһардың маңында кеше бір уақытта үш жерден өрт шыққан еді. Тілсіз жау бір күн ішінде он мың гектар аумақты жайпап өтті. Мыңнан аса нысан күлге айналды. Барынан айырылған халық жан сауғалап үлгергеніне шүкір деп отыр. Қазірдің өзінде жетпіс мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Бірақ бұл сан арта түсетін секілді. Себебі қатты жел мен құрғақшылықтың кесірінен жылдам таралып жатқан тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Тіпті өрт ошақтарынан ондаған шақырым жердегі Лос-Анджелес қаласын да қою түтін торлап, бүкіл жерді күл басып қалды. Ауруханалар тынысы тарылып, демікпесі қысқан адамдарға толды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 67 КЕЛІ ГАШИШ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ҚҰРМЕТ – ЖЕҢІМПАЗДАРҒА МАРАПАТ

Телеарна ХанТВ

ДҰРЫС МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Телеарна ХанТВ