Естімеген елде көп. Түркістан облысы әкімі аппараты ішкі аудит басшысының міндетін атқарушы Алтынай Жалқұлқызы Турабаева конкурсқа қатысуға келген кәсіпкерге жұдырық ала жүгірген. Асел Жанбулатқызы 2021 жылы жеке балабақша ашқан. Конкурстық комиссияға шақыртуымен барған кәсіпкерді Түркістан облысы әкімі аппараты ішкі аудит басшысының міндетін атқарушы Алтынай Турабаева кәсіпкер азаматшаны балғаттап, төмпештеп тастаған.
Ішкі аудит қызметкері айыппұл төлеумен ғана шектеліпті. Ал балағаттағаны жөнінде екінші арызын жазғанымен әлі күнге дейін жауап ала алмай отырмын дейді Асел Жанбулатқызы. Бұл жәйттен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров те хабардар екен. Мәселенің мән жайын анықтаймыз деген. Десекте, жауап әлі күнге дейін жоқ дейді зардап шеккен кәсіпкер.
Амалы таусылған Асел Жанбулатқызы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қабылдауында да болып, мәселенің мән жайын айтып берген. Облыс басшысы жауаптыларға тез арада шара қолданып, Алтынай Турабаеваның жұмыстан босату туралы тапсырма берген. Десекте, жауаптылардың салғырттығынан аудит қызметкері әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатыр екен.
Ұрарын ұрып, айтарын айтып, балағаттап болған соң, Алтынай Турабаева жеке кәсіпкерге өз адамдарын жіберіп, болған жәйтті тоқтату үшін пара ұсыныпты.
Ал Түркістан облысы Білім басқармасының мамандары бұл жәйтті былайша түсіндірді. Мемлекеттік тапсырысқа жарияланған конкурс негізінде 2023 жылы қараша айында конкурсқа өтінім берген. Конкурстық комиссия өзінің жұмысы барысында құжаттарды қабылдап, балабақша құрылтайшысына келіп, презентациясын көрсеткен. Конкурстың өткізу қағидасына және мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасына сәйкес, білім басқармасының жанынан құралған комиссия бала бақшалардағы балаларға жасалған жағдайды барып көрген.
Асел Жанбулатқызы шындық іздеп бармаған жері жоқ. Ешқандай жауапты органдар тарапынан мардымды жауап ала алмаған. Сондықтан облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың жеке қабылдауында да болған. Алайда ол жақтың да жауабына қанағаттанбадым дейді.
Аппарат басшысының қабылдауында Алтынай Тұрабаева осы оқиғадан соң тағы бір қызметкерді соққыға алғаны анықталды. Ол адам қазір құзырлы органдарға арыз шағым түсірген, іс қаралуда.
Мәселенің мән жайын анықтау үшін Алтынай Жалқұлқызының өзіне хабарласқан болтынбыз. Алайда ҚР «БАҚ туралы» Заңының 20 бабында көрсетілгендей ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқылы делінген. Алайда, ақпарат беруден бас тартты.
Жыл басынан бері шешімі шықпаған мәселе күн өткен сайын ушығып жатыр. Алтынай Жалқұлқызы қызметін жалғастыра берсе жыл соңына дейін әлі қанша қызмеркерге қоқан-лоқы көрсетері белгісіз. Оның әлі күнге дейін өз қызметін жалғастыруы да көңілге күдік ұялатады. Облыс тарапынан жауапты органдардың барлығаның алдынан өткен Асел Жанбулатқызы енді ел Президентіне үндеу жасаудан басқа амалы қалмағанын айтады.
Жоғарыда айтқандай бұл мәселеден Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров хабардар. Бірақ бұл қордаланған мәселеге немқұрайлы қарап, созбалаңға салып келеді. Редакция тарапынан бірнеше рет байланысуға тырыстық. Алайда облыстық баспасөз қызметі арқылы жауап беретінін айтты. Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына – Көшеров мырза пысқырыпта қарамайтын сыңайлы. Алайда, облыс әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдауында Асел Жанбулатқызының жағдайымен таныс болған соң, жұмысты жұдырықпен жасататын қызметкерді жұмыстан босату керек екендігін айтып, жауапты мамандарға тапсырған болатын, Бірақ шешім әлі күнге дейін қабылданған жоқ? Жауапты органдар Облыс әкімінің тапсырмасына салғырт қарағаны ма әлде Алтынай ханымға қолдау жасаушылардың көптігінен бе? Білмедік.. Алайда бұл мәселені Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей назарына ұсынамыз. Мән жайды қайта қарап, дұрыс шешім шығарады деген үміттеміз. Ал бұл мәселе телеарнаның жіті бақылауында болады.
Нурила Алпысбай