16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Жаңалықтар Түркістан

Түркістан облысы БҚО мен Ақтөбеге 346 тонна гуманитарлық көмек жіберген

Түркістан облысынан Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына 346 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл туралы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ернар Бектаев айтып берді.

Су тасқыны басталғалы Түркістан облысында 18 штаб құрылды. Қазіргі уақытта зардап шеккен аймақтарға 12 фура жүк жөнелтілген.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына жалпы көлемі 346 тонна гуманитарлық көмек жіберілді, оның ішінде гигиеналық заттар, азық-түлік, балалардың киімдері мен ойыншықтар бар. Ал бүгін су басқан аймақтарға 150 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Сондай-ақ 50 волонтер көмектесу үшін су басқан аймақтарға аттанады», — деді Ернар Бектаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикердің айтуынша, облыстағы түрік этно-мәдени орталығы мен өзбек этно-мәдени орталығы да гуманитарлық көмек жіберуге атсалысқан.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда қауіпті инфекцияның таралуы төмендеп кетті — Денсаулық сақтау министрлігі

admin

22 наурызда ұлттық киімді Петропавл тұрғындары автобустармен тегін жүре алады

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ОТЫРАР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, АУДАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

Han TV