aspan

400-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Таяу Шығыста соғыс қайта басталды. Израиль Газа секторына әуеден тағы да соққы беріп жатыр. Одан кемінде 400-ден астам адам қаза тапқан. Құрбандардың көбі – қарттар, әйелдер, балалар. Бірақ Израиль террористерді жойып жатқанын мәлімдеп отыр.

«Хамас» пен Израиль арасындағы 15 айға созылған шайқас 19 қаңтарда тоқтады. Бірақ сол ымыра қайта бұзылды. Израиль үкіметінің сөзінше, бұған «хамастықтардың» кепілдіктегі израильдіктерді босатпауы және өзге де талаптарды орындамауы себепші. Алайда, «ХАМАС» өкілдерінің айтуынша, Израиль бітім шарттарын өзі бұзып, тұтқындардың өміріне қауіп төндіріп отыр. Ымыраның бірінші кезеңі наурыздың 1-де аяқталған еді. Оның әрі қарай жалғаспауына тараптардың жаңа бітімнің кейбір тұстарымен келіспеуі түрткі болса керек.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

Телеарна ХанТВ

Назарбаевтан қалған жебірлер халықты қанауды жалғастырып жатыр- Ермұрат Бапи

admin