aspan

31 қазан күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар — ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz интернет басылымы, PRG ақпараттық жүйесі және Prosud.kz интернет-басылымы.

Жетісу облысындағы акция өтетін орындар туралы ақпаратты Республиканская социальная акция «Народный Юрист» сайтынан көруге болады.

Дереккөз: ҚР Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсы

31 қазан күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«КҮМІС ДОМБЫРА» – ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЫР САЙЫСЫ

Телеарна ХанТВ

1,9 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды

Телеарна ХанТВ

«ҚАЗАҚСТАН БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ»

Телеарна ХанТВ