aspan

22 ҚАҢТАР ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

 Түркиядағы тау-шаңғы шипажайындағы өрте байланысты 22 қаңтар — Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Соңғы мәлімет бойынша оқыс оқиғадан 66 адам қаза тапқан. Тілсіз жау Болу провинциясында орналасқан 12 қабаттық қонақүйдің мейрамханасынан басталған. Жалын әп-сәтте ағаштан жасалған ғимараттың басқа бөліктерін шарпыған.

Тап осы уақытта демалушылардың дені ұйқыда жатқан. Жалпы Ыстанбұл мен Анкарадан шамамен 3 сағаттық жерде орналасқан бұл шипажай – Түркияның қысқы туризм орталықтарының бірі. 500 кісілік қонақүйде 234 демалушы болған екен. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендердің есімдері жария етілмеді. Дегенмен алдын ала ақпарат бойынша арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Өрттің нақты себебі белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталған.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Құқық қорғау орталығының өкілдері студенттерге Омбудсмен институты қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді

Телеарна ХанТВ

Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

admin

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ АРТҚАН

Телеарна ХанТВ