16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін “Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы “Procter & Gamble LLP” компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары “EASTCOMTRANS” ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары “Aq Niet Group” бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҚАТЫСТЫ 50-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Қазақстанның ет өңдеу саласы оң даму динамикасын көрсетуде. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар.

Елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесі жақсаруда

Телеарна ХанТВ