aspan

167 ЖОЛАУШЫСЫ БАР ҰШАҚ ТҮГЕЛДЕЙ ЖАНЫП КЕТТІ

Оңтүстік Кореяда 170-тен аса адам мінген ұшақ түгелдей өртеніп кетті. Абырой болғанда, жолаушылар мен экипаж мүшелері дер кезінде эвакуацияланып, бәрі аман қалған. Оқиға Пусан қаласының әуежайында болған. Гонконгқа бет алған лайнер тура ұшар алдында өртенген. Оттың неден тұтанғаны белгісіз.

Айта кетейік, бір ай бұрын Оңтүстік Кореяның Муан қаласының әуежайында дөңгелегі ашылмай қонған ұшақ бетон қоршауға соғылғаннан кейін бірден жарылып, өртенген еді. Салдарынан 181 адамның тек екеуі ғана тірі қалды. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Атамекен» ҰКП төрағасы мен Шымкент әкімі отандық өндірушілерді қолдау жайын талқылады

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ҒАЗИЗ БАЙТАСОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Тыңайтқыштардан бастап автокөліктерге дейін: 2025 жылы Қазақстанда 190 индустриалдық жоба іске қосылады

Телеарна ХанТВ