16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
aspan

ПОЛИЦИЯ ЕСІРТКІ ӨСІРЕТІН ФИТОЗЕРТХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда облысында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 40 жастағы ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Cырдария ауданының тұрғыны өзінің үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан. Кейін оны таратуды көздеген. Тінту барысында ыдыстарға отырғызылған 86 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді. Жалпы 2,7 кг кептірілген марихуана және 10 кг қарасора өсімдігі анықталды.  Күдікті ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚОЛАЙСЫЗ АУА РАЙЫ: ПОЛИЦИЯ АЗАМАТТАРДЫ ҰЗАҚ САПАРҒА ШЫҚПАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Han TV

ЗАУРЕ АЙМУРЗАЕВА ДИСПЕТЧЕР   

Телеарна ХанТВ

«УЧАСТКЕ» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 12 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ