aspan

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 700-ГЕ ЖУЫҚ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ.

 Жыл басынан бері Атырау облысында 727 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл апаттардан 80 адам қаза тауып, 1015 азамат түрлі дәрежеде жарақат алды. Өкінішке орай, тас жолдарда орын алатын апаттардың барлығы дерлік адами факторға байланысты екені анықталды. Жол апаттарына негізінен жүргізушілердің өз өміріне және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапсыз қарауы себеп болып отыр. Көлікті шамадан тыс жылдамдықпен жүргізу, басқару барысында ұялы телефон пайдалану, маневр жасау ережелерін бұзу, балаларды арнайы қауіпсіздік құрылғысынсыз тасымалдау және басқа да Жол жүрісі қағидаларын сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуде.

Әсіресе, қала мен аудан орталықтарындағы жүргізушілер жол апаттарына жиі себепкер болуда. – Көпшілігіміз барар жерімізге жылдам жетуді әдетке айналдырып алдық. Бірақ сол асығыстықтың артында өміріміз бен денсаулығымызға төнген үлкен қауіп жатқанын ұғынбаймыз, – дейді құқық қорғау қызметкерлері. Статистикаға жүгінсек, жаяу жүргіншілер өткелінде 294 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 17 адам қаза тапқан. Сонымен қатар мопедтер мен скутерлердің қатысуымен 39 оқиға, балаларға қатысты 262 апат тіркелген. Атырау облысында жыл басынан бері тас жолдарда 155-тен астам апат тіркеліп, 54 адам қаза тапты, ал 202-ден астам азамат түрлі жарақат алды. Бұл қайғылы оқиғалардың бәрі жүргізушілердің жолаушылар өміріне салғырт қарауынан туындаған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 400 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

«ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС» БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Телеарна ХанТВ