aspan

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҚАТЫСТЫ 50-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін әшкерелеу және тоқтату жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың басшылары мен қатысушыларына қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полиция департаменті күзет қызметі түрінде әрекет етіп, іс жүзінде бұзақылық, бопсалау және қару сақтау сияқты заңсыз әрекеттермен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. Олардың заңға қайшы әрекеттері ағымдағы жылдың қаңтар айында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапынан тоқтатылды. Сонымен қатар трансұлттық сипаттағы жеті ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша және бір қылмыстық қауымдастық құру фактісі бойынша істер тергелуде, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

admin

Қазақстанның ет өңдеу саласы оң даму динамикасын көрсетуде. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар.

ИТАЛИЯНЫҢ ENI PLENITUDE ARM WIND КОМПАНИЯСЫНЫМЕН ТҮРЛІ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ