aspan

Жол бойындағы суағарға қоқыс тастаған шымкенттік тұрғын жауапқа тартылды

Шымкент қаласында полицейлер бейнебақылау камералары арқылы әуежайға қарама-қарсы аумақта жол бойындағы суағарға тұрмыстық қалдықтарды тастаған әйелді анықтады.Құқық бұзушы — жергілікті тұрғын.

Қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ол өзі тастаған қоқысты жинап, аумақты тазалады.
Полиция қала тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті екенін еске салады. Қоқысты белгіленбеген орындарға тастау заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ ПАРТИЯСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Han TV

Предпринимателям Шымкента разъяснили об экономико-социальных программах

Телеарна ХанТВ