aspan

ЖИ МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРУ БОЛАШАҚТЫҢ ТАЛАБЫ

Цифрландыру дәуірінде жасанды интеллект адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Бүгінде заманауи технологиялар білім беру саласына да кеңінен енгізіліп, оқыту үдерісін жаңа деңгейге көтеруде. Елде жүзеге асырылып жатқан цифрландыру саясаты – білім мен ғылымның дамуына тың серпін беріп отыр.

Шымкент қаласы Физика және математика бағындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде  цифрландыру саясаты қарқынды қолға алынып келеді. Қазіргі таңда мектеп ұжымы жаңа технология мен робототехника сайыстарында республикалық байқауларда топ жарып жүр.Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект – білім алуды жеңілдететін құрал ғана емес, оны дұрыс пайдалану – уақыт талабы.

Физика және математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын Дияс Пернебек жасанды интеллект пен Технологияларды ұштастыра отырып сөйлеу және есту қабілеті шектеулі адамға арналған құрал ойлап тапқан.Ол бұл шешімге туысқан ағасының осындай қиындықтарға тап болғанын көргеннен кейін келгенін айтады.

Мамандардың пікірінше, мұндай жобалар жасанды интеллекттің қоғам өміріндегі маңызын айқын көрсетеді. Себебі цифрлық технологиялар адамдар арасындағы байланысты жеңілдетіп қана қоймай, әлеуметтік кедергілерді азайтуға да ықпал етеді.Жалпы, елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БЫЛЫҚҚА БАТҚАН БІЛІМ БӨЛІМІ

Телеарна ХанТВ

Цены на сжиженный нефтяной газ вырастут с 1 июля в Казахстане

admin

 ҚМА АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ «RAKHAT0425» ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ