13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ 2 800-ДЕН АСТЫ

Соңғы мәліметтерге қарағанда Мьянмадағы жер сілкінісінен 2 800-ден астам адам көз жұмды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабар таратты.

Кейінгі келіп жеткен мәліметтер бойынша, Мьянмадағы күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 886-ға жеткен. 4 639 адам жараланып, 373 адам хабар-ошарсыз кеткен. Елде іздестіру және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.  2 сәуірдегі жағдай бойынша, Мьянманың орталығында барлығы 54 афтер сілкініс тіркелді. Ең жоғары магнитуда – 7,5, ең төменгісі – 2,8 балл. Еске салсақ, 28 наурызда Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелгені хабарланды. Жер сілкінісінен зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

М. Әуезов атындағы драма театрының жүзінші мерейтойлық маусымы ашылады

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ, КОМПОЗИТОР ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 94 ЖЫЛ

Телеарна ХанТВ

ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ ЖАСАДЫ

Han TV