14.3 C
Shymkent
14 октября, 2026
aspan

ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДЫ ТОНАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Орал қаласында зергерлік бұйымды тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері ломбардтан алтын алқаны ашық түрде ұрлады деген күдікпен Бәйтерек ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Күні кеше полицияға қаладағы ломбардтардың бірінің қызметкерлерінен қоңырау түсіп, белгісіз ер адамның сатып алушы ретінде кіріп, зергерлік бұйымды иемденіп кеткені хабарланды. Ломбард қызметкері оған алтын алқаны көрсеткен кезде, күдікті оны жұлып алып, қашып кеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетті. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті «ізін суытпай» анықталып, ұсталды. Тергеу барысында оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тонау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«SHYMKENT HUB» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды

Телеарна ХанТВ

Олжас Бектенов кәсіпкерлерді екі апта ішінде салық сомасын әділетті түрде төлеуге шақырды

Телеарна ХанТВ