aspan

ЖЕҢІС КҮНІ МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ

Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай кең ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараны Қарағанды облысы полиция департаментінің көркемөнерпаздар ұжымы әзірлеп, жоғары деңгейде өткізді.
Салтанатты жиынға полиция департаментінің жеке құрамы, 6505 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрі, мамандандырылған күзет қызметінің өкілдері мен патриоттық тәрбие бағытындағы «Жас сақшы» сыныбының оқушылары қатысты. Концерт барысында тәртіп сақшылары мен әскери қызметшілер көрермендерге рух пен жігер сыйлаған әсерлі әндер орындап, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ұялата білді. Кеш соңында соғыс жылдарынан сыр шертетін жүрек тебірентер әндер орындалып, көрермен көңілінен ерекше орын алды. Мерекелік концерттің басты мақсаты – ерлік пен батырлықты ұлықтап, ел үшін жанын қиған қаһармандарға деген шынайы құрмет пен тағзым білдіру болды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛА ӘКІМІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында алғаш рет қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізіле бастады

Телеарна ХанТВ

2024 ЖЫЛЫ 86,1 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Телеарна ХанТВ