aspan

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУ ТӘРТІБІ ЦИФРЛАНДЫРЫЛАДЫ

Диқандар жеңілдетілген несие алу үшін электронды құжат тапсырады. Бұдан былай диқандар жеңілдетілген несие алу үшін қағаз құжат емес, электронды нұсқасын тапсыратындай болуы тиіс.

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Цифрлық даму министрлігі мен «Бәйтерек» холдингіне арнайы тапсырма берді. Сондай-ақ Олжас Бектенов арзандатылған отынды  жеткізу процесін жіті бақылау қажеттігін ескертті. Бұл Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне жүктелген міндет. Осы ретте облыс әкімдіктері бір апта ішінде өңірлік операторлар туралы толық мәлімет ұсынуға тиіс. Ал құқық қорғау органдары жанар-жағармайдың талан-таражға түсуіне жол берген тұлғаларды қатаң жауапкершілікке тартуы қажет, деді үкімет басшысы. Бұдан бөлек ауа райының өзгеруіне ден қойып, суғару маусымында тіршілік нәрімен үздіксіз қамтамасыз ету және ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін ұлғайту бойынша межелі көрсеткіштерді орындауды тапсырды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР МӘСЕЛЕСІ: НАУҚАСТАР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ АЛАҢДАУШЫЛЫҒЫ

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

«БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС» ЖӘНЕ «ПАРАСАТ» САЯБАҚТАРЫН КӨГАЛДАНДЫРУ БАРЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ  

Телеарна ХанТВ