aspan

Жасөспірім қатарласын TikTok-тағы лайктар үшін пышақтап тастаған

Жасөспірім қатарласын TikTok-тағы лайктар үшін пышақтап тастаған

Оқиға Батыс Қазақстан облысы Подстепное ауылындағы мектепте болған.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, екі оқушы білім ордасындағы дәретхана маңында сөзге келіп қалған. Сол кезде 9-сынып оқушысы пышақ алып, жасы үлкен сыныптасын жаралаған. Ал негізі бұл жанжал күзгі балда басталыпты. Олар тик-токтағы лайктар үшін сөзге келіп қалған. Пышақ әкелген бала толық емес отбасыдан шыққан. Ал жараланған бала жедел жәрдем көлігіне өз аяғымен барған.

Күдікті ретінде кәмелетке толмаған бала ұсталған. Ал жарақат алған оқушыға медициналық көмек көрсетілген. Қазір жағдайы тұрақты.

Ал полиция қылмыстық іс қозғады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ: ТАҒЗЫМ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ДЕНДРОСАЯБАҒЫ ЖАҢА ӨСІМДІКТЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Телеарна ХанТВ

“АМАНАТ” ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Телеарна ХанТВ