21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ТУЫЛҒАН СӘТТЕ ЖҮРЕГІ ТОҚТАП ҚАЛҒАН: ДӘРІГЕРЛЕР АУЫР ЖАҒДАЙДАҒЫ СӘБИДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Шымкент қалалық перинаталды орталықтың тәжірибелі дәрігерлері ауыр жағдайда өмірге келген сәбиді аман сақтап қалды. Нәрестенің анасы, Шымкент қаласының тұрғыны Айман Сарыбаева «Плацентаның мерзімінен бұрын ажырап кетуі» диагнозымен орталыққа ауыр жағдайда жеткізілген. Шұғыл түрде әрекет еткен дәрігерлер, әйелді кесарь тілігі жолымен босандырып алды.

Бірақ туылған кезде нәрестенің жағдайы қиындап, жүрегі соқпай қалған. Дер кезінде әрекетке көшкен неонатолог — дәрігерлер жедел түрде сәбиге алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалды.

Қазір бала мен оның анасының жағдайы жақсы. Сәбидің денсаулығы жақсарғаннан соң екеуі де үйге шығарылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Нәрестенің анасы, жоғарғы деңгейдегі жұмыс үйлесімін көрсетіп, перзентін ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8 наурызда, орталықта 21 бала туылды. Оның 14 ұл бала болса, 7 қыз нәресте.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДАРРАГ ДАУЫЛЫНАН 2 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛЫП, 300 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

КӨШКІННЕН СОҢ 28 АДАМ ТАБЫЛМАЙ ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

АҚША ДА ЖОҚ , МАЛ ДА ЖОҚ. АЛАЯҚҚА ТҰСАУ ДА ЖОҚ!

Телеарна ХанТВ