aspan

«ТАҢДАУ» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Шымкентте ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен толықметражды «Таңдау» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм драматургиялық оқиға арқылы жастардың қоғамдағы адам өміріне тигізер зияны және құмар ойындардың қауіптілігі сияқты өзекті тақырыптарды қозғады.Толығырақ тілші тарқатады.

Қазіргі кезде оңай жолмен ақша табу арқылы түрлі келеңсіз оқиғаларға тап болатындар саны көбеюде.Сондай-ақ  фильмнің түсірілудегі мақсаты да жастардың қоғамдық орында өздерін әдепті ұстамауы. Жалпы синтетикалық есірткінің адам өміріне тигізер зияны және тасымалдауы, құмар ойын сынды  өзекті мәселелерді көтеру болды.

Фильмнің қысқаша түсінігі жаңа өмірге қадам басып, өз мамандықтарын таңдаған 5 достың  арманы.Басты кейіпкер Бекзат есімді баланың өмірлік миссиясының ақша табу болғаны,бірақ қандай жолмен табатыны беймәлім жайында. Ал  бұл фильмнің тұсаукесеріне келген көрермендердің қарасы көп болды.

Көрермендер назарына  жол тартқан фильм естен кетпестей әсер қалдырды.Себебі қазіргі кездегі өзекті тақырыптарды қозғай отырып,жастарға дұрыс таңдау жасауды насихаттады. Фильмнің көрсетіліміне арнайы келген Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова қатысып, жастардың игілігі үшін жасалған бұл жобаға жоғары баға берді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

48 000 ЖАСТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІСТЕР ӨТКІЗІЛГЕН  

Телеарна ХанТВ

АҚШ ШАБУЫЛДАРЫНАН 80 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салынуы мүмкін

Телеарна ХанТВ