aspan

«ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕГЕМЕНДІК ТІРЕГІ»

Тәуелсіздік- халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі. Шымкентте Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тәуелсіздік күніне орай «ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕГЕМЕНДІК ТІРЕГІ» атты шара өтті.

Шара мақсаты-тарихи сананы қалыптастыру. Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы бірқатар маңызды оқиғаларын еске алу.Ұлт тарихындағы батырлар мен қайраткерлердің ерлігін насихаттап, патриотизмді нығайту болды.

Салтанатты жиын мемлекеттік туды көтеру рәсімімен басталды. Әнұран орындалып, жиналған жұртшылық азаттықтың маңызын тағы бір мәрте сезінді. Тәуелсіздік жолында құрбан болған барша боздақтарды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялады. Сахнада 1986 жылғы тарихи сәттен сыр шертетін қойылым қойылды.

Сондай-ақ қатысушылар тәуелсіздік күнін тойлай отырып, елді  одан әрі көркейтуге, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға деген  ниеттерін білдірді.Шара әрмен қарай  патриоттық өлеңдермен жалғасты.Жиында бірқатар еңбегі еленген азаматтарға  марапаттар табысталып,келген қонақтар көтеріңкі көңіл күймен қайтты.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ