23.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
aspan Жаңалықтар Қоғам Шымкент Экономика

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Қоғамдық көліктердегі жолақыны көтеру маңызды мәселе болып табылады және бұл жан-жақты зерделеуді талап етеді.

Жол ақысын көтеру тасымалдаушылар тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарған, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайларда ғана мүмкін болады. Алайда, азаматтардың кейбір санаттарына, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарына жеңілдіктер беру мәселесін қарастырылады.

Өз кезегінде әкімдік тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейтуді, автопарктерді жаңартуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте экологиялық ахуалды жақсарту үшін әлеуетті инвесторлармен электр автобустары мен маршруттарға қызмет көрсету және көліктің басқа да баламалы түрлерін енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Бұл мәселелерді шешу және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау белгілі бір уақытты қажет етеді.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы осы бағыттағы қазіргі жағдайларды мұқият зерделеп, қалалық мәслихаттың наурыз сессиясының күн тәртібінен жолақыны көтеру мәселесін қарастыруды алып тастау туралы шешім қабылдады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Дала орман өрттерінен сақ болайық !

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛАР

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДОНАЛЬД ТРАМПҚА КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ