aspan

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ҮШ ТІЛДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН КІТАП ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Мәдениеттер диалогы – 2026» халықаралық симпозиумы аясында «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» атты бірегей кітап-альбомның тұсаукесері өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Алматыкітап баспасы» жарыққа шығарған басылымның авторы – тарихшы, зерттеуші Саттар Мәжитов. Кітап үш тілде әзірленген.

Аталған іс-шараға ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, басылымның тарихи-мәдени мұраны насихаттаудағы маңызына тоқталды.
Кітап – «Алматыкітап баспасы» төрағасы Элеонора Баталованың бастамасымен жарық көрген. Төрт жыл бойы дайындалған басылымға Түркістан тарихына қатысты сирек фотосуреттер, архивтік құжаттар, тарихи материалдар мен көпшілік біле бермейтін деректер енгізілген. Кітап бұған дейін Бейжің, Гуанчжоу және Франкфурт қалаларындағы халықаралық кітап көрмелерінде, сондай-ақ Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Алтын Орда тарихына арналған конференцияда таныстырылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«АЙБЫН-2025» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ІРІ КӨЛЕМДЕ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМҒА ТҮСІРГЕН ТРАНСҰЛТТЫҚ ТОПТЫҢ 3 МҮШЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АЙЫПТАУ ҮКІМІ ШЫҒАРЫЛДЫ  

ДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН ТУРНИР ӨТТІ

Телеарна ХанТВ