Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДА «NAURIZ BIG FEST» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Конгресс Холл» кешенінде «Наурыз BIG FEST» халықаралық фестивалі өтті. Мерекелік жиында қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков ашып беріп, қалың көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтады. Содан соң қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевпен бірге қаланың дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар жанға «Құрметті азаматы» атағын тапсырды.
Жиында Түркия елінің танымал әншісі Murat Yaprak, көршілес Өзбекстаннан Dj King Macarella, еліміздегі танымал өнерпаздар Turar, Aikyn, Amalyat қонақ болды. Кешті Ғазиз Ерболат пен Ақболат Өтебай жүргізді. Сондай-ақ Aida Kaumenova брендінің арнайы сән көрсетілімі өткізілді.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған концертке келушілерде есеп жоқ. Лық толы залдан орын болмаса да, үш сағатқа созылған шараны тік тұрып тамашалады. Түркістандық көрермен әлемге танылған хит әндерді қосыла шырқап, би биледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ресейде күш құрылымдарымен атыста екі қазақстандық қаза тапты — БАҚ

admin

ШҚО-да балаларға арналған қауіпті орындар картасы пайда болды

admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

admin