18.3 C
Shymkent
20 октября, 2026
Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Түркістан облысында 25 қазан – Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылады. Атап айтқанда, 23 қазан күні Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтеді. Сондай-ақ, 80 орындық Шейх Мұхаммед бин Заид Әл Нахаян атындағы перзентхана ашылып, «Жайнай бер, Түркістан!» мерекелік гала-концерті өтеді. Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Қазақстан Республикасы: Егеменді даму және жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

24 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Turkistan Marathon – 2026» халықаралық марафонына қатысатын отандық және шетелдік спортшылардың қатысуымен ағаш отырғызу іс-шарасы өтеді. Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Қазақстан мемлекеттілігі: тарихи сабақтастық, конституциялық құндылықтар және жастар жауапкершілігі» тақырыбында студенттердің ғылыми конференциясы ұйымдастырылады.
25 қазан күні Сарыағаш қаласындағы жаңғыртудан өткен орталық стадион пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Түркістан қаласында «Turkistan Marathon – 2026» бұқаралық марафондық жүгіруі және ҚР Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтеді. Мерекелік іс-шаралардың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік рухты нығайту және өңір тұрғындарының қоғамдық белсенділігін арттыру.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте демонтировали объект без акта ввода в эксплуатацию

Han TV

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ЖОБАЛАР – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

Han TV

Испанияда Telegram блокталады

admin