Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҢА ҒИМАРАТПЕН ТОЛЫҒАДЫТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында салынып жатқан кезекті ғимараттың құрылыс барысымен танысты. Мердігер компания басшымен  кездесіп, тапсырмалар жүктеді. Құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеп, сапаға басты назар аударуды ескертті.

Бұл ғимаратта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті орналасады. Мердігер мекеме – «Ернур Строй и К» ЖШС. Тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы. Жаңа ғимараттың құрылысы 2023 жылы басталған. Биыл  пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары 10%-ға аяқталған. Нысанға 46 адам, 9 техника тартылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Қазақстанда қанша әйел тұрады?

admin

Қазақстанда энергетиктерді балалар мен жастарға сатуға тыйым салынады

admin