Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНҒА ТУРИСТ ТАРТУ МАҚСАТЫНДА ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Kazakh Tourism» ҰК төрағасы Қайрат Сәдуақасов, Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов, YDA Group компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Хамди Гювенчпен бірге Қытайдағы ССТ компаниясының бизнес менеджері Лию Чинмен Қазақстанға, оның ішінде Түркістанға туристерді тарту бойынша келіссөз жүргізді. Туристерді тарту үшін екі ел арасындағы мүмкіндіктер, ақпараттық турлар, жарнамалау жұмыстары және Қытай туристерін ақпараттандыру мәселелері пысықталды. Түркістанға туристерді тарту үшін Қытайдың туристік компанияларын Қазақстанға шақыру арқылы ақпараттық турларды ұйымдастыру, сол ақпараттық турлар бойынша арнайы туристік өнімдердің мәселелерін шешу және жаңа туристік маршурттарды қалыптастыруды ұсынылды. Екіжақты белсенді келіссөздер жалғасады. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Макрон Украинаны «өте тез» жеңу қаупі туралы мәлімдеді — БАҚ

admin

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЙНАСЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

admin

Жағдай алаңдатарлық – Приднестровье, Молдова және Ресей бойынша сарапшы

admin