16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
Жаңалықтар

Түркия үкіметі су тасқынымен күресте Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Түркия үкіметі қазақ халқына жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

«Қазақстанның түрлі аймақтарындағы су тасқыны жағдайының салдарын өкінішпен қабылдадық», — деп хабарлады Түркия Сыртқы істер министрлігі.

Су тасқыны үлкен шығын әкеліп, су басқан аймақтарда тұратын қазақстандықтарды эвакуациялауға мәжбүр етті.

Қазақстан халқы мен үкіметіне шын жүректен тілектестігін жеткізген министрлік су тасқынымен күресте Түркия Қазақстанға кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін айтты.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Han TV

8 наурызға дейін 1 миллион теңге көлеміндегі көмекке кім құқылы

admin

Ұлыбритания Қытайға санкция енгізбек

admin