5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

ТҰРҒЫН ӨЗ ҮЙІНДЕ ФИТОЗЕРТХАНА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі және Бас прокуратураның бірінші қызметі бірлескен жұмыстың нәтижесінде мамырдың алғашқы онкүндігінде бір синтетикалық және үш фитозертхананың қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысындағы «Шеп» стационарлық бекетінде қызметтік ит жолаушыдан марихуана салынған ораманы тапты. Жаңақорған кентінде оның тұрғылықты жерін тінту кезінде 4190 каннабис бұтасы бар плантация анықталды. — Тұрғын үй фитозертхана ретінде жабдықталған. Жатын бөлмесінде тағы 14 бұта табылды. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 55 келіден асты. Осы фактілер бойынша 91 келіден астам есірткі заттары, оның ішінде 7 келіге жуық синтетика мен есірткі өндіруге арналған бір тонна прекурсор тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Реформа налоговой системы в Казахстане: что изменится для бизнеса и граждан 

Телеарна ХанТВ

БІРЛІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

Телеарна ХанТВ

2024 ЖЫЛ ЕҢ ЫСТЫҚ ЖЫЛ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ