aspan

ТҮНГІ МЕКЕМЕНІҢ БАСШЫСЫ ҚЫЗ ЗОРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ҰСТАЛДЫ

Алматыда түнгі мекеме қызметкерін зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше өзін Елисей деп таныстырған әйел Алматы қаласындағы түнгі мекемелердің бірінде зорланғанын айтқан, бұл туралы видео әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталды.

«Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің жеке басы анықталып, ол полицияға ресми түрде арызданды», — деп жазылған хабарламада.Күдікті ретінде 29 жастағы азамат – аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.«Алдын ала тергеудің барысын Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды», — дейді полиция қызметкерлері.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА АЛИМЕНТТЕН ЖАЛТАРҒАНДАРДЫҢ ҚАРЫЗЫ 13 МЛРД.ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ЕРІКТІЛЕР 120 ЕСІРТКІ ГРАФФИТИІН ЖОЙДЫ  

Телеарна ХанТВ

Назарбаевтан қалған жебірлер халықты қанауды жалғастырып жатыр- Ермұрат Бапи

admin