aspan

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ: АДАЛДЫҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Оған қала әкімі Ғ.Әбдімажитұлы қатысып сыбайлас жемқорлықпен күрестің қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ  жиналғандарды адалдық пен ашықтық құндылықтарын сақтауға шақырды.

Аталған шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, оның алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру болды. Қала әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді құттықтап, олардың қажырлы еңбегін ерекше атап өтті. «Біз әділ әрі адал қоғам құру жолында бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың емес, барша азаматтардың ортақ міндеті», – деді қала әкімі.

 Бүгінде комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тұрақты түрде қызмет атқарып, профилактикалық жұмыстарға басымдық беріліп келеді. Отырыста осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындысы баяндалды.

 Сондай-ақ іс-шара аясында  сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай қоғам белсенділері қала әкімінің Алғыс хатымен,30 жылдық мәслихаттың мерейтойы және төсбелгілерімен,сондай-ақ департамент басшысының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Қазақстанда енді алаяқтар қоңырау шалған телефон нөмірлері бірден бұғатталады

Телеарна ХанТВ

11 СУ НЫСАНЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ