26.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

Студент жігіт 15 жастағы қызды бірнеше рет зорлаған 

Оқиға Қызылордада болған. Жасөспірім 21 жастағы колледж студентімен жұмыс істеп жүріп танысқан. Сосын дос болып араласып, таныстарының үйіне бірге қонаққа барған. Жігіт қызды сол жерде бөлмеге қамап, зорлаған. Кейін үйіне апарып “біреуге айтатын болсаң, аямаймын” деген. Жасөспірім қорыққанынан ешкімге, ештеңе айта алмаған.

Студент азғындық әрекетін бірнеше рет қайталаған. Жағдай туралы қыздың анасы білген сәтте, жігіт алдына келіп, қызына үйленгісі келетінін айтқан. Сөйтіп қыз сол жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда қорлық әрекеті мұнымен бітпеген. Жігіт қызды ұрып-соғып, тепкілеп, қолын, саусақтарын тіліп тастаған.

Кейін полиция жігітті қамауға алып, қылмыстық іс қозғады. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қыздың анасы тергеу әділ жүріп, жігіттің қатаң жазаланғанын талап етіп отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАС ӨНЕРПАЗДАРЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

АЭС САЛУ – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ

Телеарна ХанТВ

ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ САРЫАҒАШТАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ