28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ҰСТАЛҒАН БЛОГЕРЛЕР 15 ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІ

Алматыда ұсталған блогерлер 15 жылға сотталуы мүмкін. Прокуратура мәліметінше, қалалық ішкі істер басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Екі блогерге «Аса iрi мөлшерде бопсалау» бабы бойынша іс қозғалып жатыр. Бұл бап бойынша мүлік тәркіленіп, жеті жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге жаза қарастырылған.

Бұған дейін Алматыда блогерлер кәсіпкерден ақша бопсалап, 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған еді. Блогерлер желіде айыптау материалын жариялаған. Осылайша жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ жәбірленушіні сот кәсіпкерге төлеуге міндеттеген 20 миллион теңге көлеміндегі талаптардан бас тартуға көндірмек болған. Қылмыскерлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен ұсталған блогерлер Дамир Көшеев және Руслан Каримов екені анықталды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ  

Телеарна ХанТВ

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

Телеарна ХанТВ

Н.КӨШЕРОВ ИРАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ