21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ІІМ: ШЕТЕЛДІКТЕН ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ SIM-КАРТА ТӘРКІЛЕНДІ

Алматы қаласында ішкі істер министрлігінің  киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматын ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.  Үй-жайды тексеру барысында жедел уәкілдер үш sim-box құрылғысын тапты.

Олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ әртүрлі ұялы байланыс операторларының екі мыңға жуық sim-картасы тәркіленді. Құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған. Шетелдік азаматтың біздің елге былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталмыш жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»  ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БІР ЖЫЛДА 154 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАНДАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Телеарна ХанТВ