23.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде екі кафенің жанынан ер адамның денесі табылды

Өскеменде бір күнде қаланың әр бөлігінде екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Aspan.info Қабанбай батыр көшесіндегі ойын-сауық мекемесінің жанынан бір мәйіт табылды. Бәлкім, ол зорлықпен өлген шығар. «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды «, — деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. Екінші мәйіт Абай даңғылынан табылған. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі. Күдікті анықталып, «ыстық ізімен» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер алынды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады. Ведомствода хабарлағандай, әлеуметтік желілерде таратылатын атыс жарасы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. «Тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған «, — деп хабарлады ШҚО ДП.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін емес — Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы

admin

Алматыдағы Bek Air ұшағы апаты бойынша тергеу аяқталды

Телеарна ХанТВ