aspan

ШЫМКЕНТТІ БІРГЕ ТАЗАРТАЙЫҚ»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту, экологиялық білім мен мәдениетті дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.
Шымкент қаласындағы 150 мектепте «Табиғатты аялайық» атты экологиялық сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тазалық сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды. Экологияға қатысты білімдерін шығармашылық жобалар арқылы көрсетті. «ЖАС ЭКОЛОГТАР» тобы мүшелері өз ойларын суреттер, акциялар, экослеттер арқылы бейнелеп, табиғатты қорғауға қатысты белсенді ұстанымдарын танытты.
«Табиғатты аялайық» атты жоба – экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама арқылы жас буын табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиеленіп, жасыл болашақтың кепілі бола алатынын көрсетті,-дейді мамандар.
Айта кетейік, «Табиғатты аялайық» жобасы Шымкент қаласындағы барлық орта білім беру ұйымдарында тұрақты түрде өткізілуде. Экологиялық тәрбие беру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Телеарна ХанТВ

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА САЙ АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР

Редактор HAN TV

ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БОЙЫНША БИЫЛ 160-ТАН АСТАМ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ