aspan

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен М.Әуезов атындағы ОҚУ және Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттеріне адалдық сағаты өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттерді, оқытушыларды, мемлекеттік қызметшілерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерді біріктірген іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектілері, академиялық адалдық және адал еңбектің маңыздылығы талқыланды.

Сөз сөйлеу барысында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысушыларды жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен және Агенттікпен іске қосылған жобалармен таныстырды.

 

 

 

 

 

 

 

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлікке және органға жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасына ерекше назар аударылды.

Жастармен кері байланыс орнату мақсатында осы тұрғыдағы іс-шараларды үнемі өткізу жоспарлануда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МАЛДЫ БАЙҚАМАУ — ЕНДІ МӘСЕЛЕ ЕМЕС

Телеарна ХанТВ

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ 3085 АДАМҒА ЖЕТТІ

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЖАНАТ ЭЛИМАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ