18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ШЫМКЕНТТЕ SKILLS.ENBEK.KZ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ 3 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ

Биыл қалада 2 700 адамды skills.enbek.kz платформасы арқылы сұранысқа ие дағдылар бойынша оқыту жоспарланған болатын. Бүгінде бұл көрсеткіш асып, 3 090 адам сертификат алды.

skills.enbek.kz – кез келген азаматқа тегін онлайн курстар арқылы жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін платформа. Бұл әсіресе жұмыссыз азаматтар мен кәсіби біліктілігін арттырғысы келетіндер үшін үлкен көмек. Платформаға тіркеліп, қажетті курсты таңдау жеткілікті.

Онлайн курстар түрлі салаларды қамтиды. Ауыл шаруашылығы – жылыжайда лимон өсіру, балық және асыл тұқымды мал шаруашылығы, үй құстарын өсіру, саңырауқұлақ өсіру. Қызмет көрсету – аспаздық, сусындар дайындау, визаж, менеджмент және басқа да мамандықтар.

Платформадағы қазақ және орыс тілдеріндегі бейнесабақтарды өз саласында табысқа жеткен кәсіпкерлер әзірлеген. Оқу материалдары тегін және ақылы форматта ұсынылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕСЕЙ КОНСУЛДЫҒЫ ЖАНЫНДА ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖҮГІРУ МАРАФОНЫНА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

МЕТАПНЕВМОВИРУС- ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАУІПТІ

Телеарна ХанТВ