aspan

ШЫҒЫН КӨЛЕМІ – 437 МЛН ТЕҢГЕ: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАН ТОП АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында полицейлер құмды заңсыз өндірумен айналысқан топты анықтады. Олар мемлекетке 437 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Полицейлер Түркістан облысы Келес ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты. Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пайдалы қазбаларды (қиыршық тасты) өз бетінше сатқан 4 күдіктіні ұстады. Келтірілген залал 437 миллион теңгені құрайды.

Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктілерден 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркілеп алды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУ ТӘРТІБІ ЦИФРЛАНДЫРЫЛАДЫ

Редактор HAN TV

ҚАРДЫҢ ҚАЛЫҢДЫҒЫ БІР МЕТРДЕН АСЫП КЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ ЕСІРТКІ ҚОЮШЫНЫҢ КӨЛІГІНЕН 47 ДАНА МЕФЕДРОН ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ