Оқиға

ШҚО-да жер үйде иіс тиген 49 жастағы ер адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында жер үйде иіс тиген 49 жастағы ер адам көз жұмды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ұлан ауданы Донское ауылында болған.

Жеке тұрғын үйде иіс тиген 49 жастағы адамның денесі табылды. Сонымен қатар 32 жастағы тағы бір азамат улану белгілерімен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

«Белгілі болғандай, жер үйде бір күн бұрын пеш жағылып, содан кейін пеш мұржасының жапқышы жабылып тасталған. Соның салдарынан көміртегі тотығы үй ішіне таралған», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласында Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай республикалық дебат турнирінің қалалық іріктеу кезеңі өтіп жатыр.

Телеарна ХанТВ

В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛ AI ХАКАТОН 2026 ПО ФИНАНСОВОЙ БЕЗОПАСНОСТИ

Редактор HAN TV

Ақшаға қосымша бір балл: Шымкентте студенттерді әлеуметтік желі арқылы алдаған схема әшкереленді

Редактор HAN TV