aspan

РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАРДЫҢ  АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР 600-ДЕН АСТАМ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІН АНЫҚТАДЫ

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру барысында жол ережелерін өрескел бұзу деректеріне, сондай-ақ жаяу жүргіншілермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылуда.

Рейдтік шараның алғашқы  күні полицейлер Жол қозғалысы ережелерін  бұзудың 626 дерегін анықтады, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарудың 4 дерегі. Сонымен қатар, рейдтер барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың -3 дерегі, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың 5 дерегі анықталды. 30 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерге Жол қозғалысы ережелерін  қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АТА-АНАЛАР ҰЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

ҰҚК ПРОБЛЕМАЛЫҚ КРЕДИТТЕР ҚОРЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫСЫН ҰСТАДЫ

Редактор HAN TV

БІР ТӘУЛІКТЕ ЕКІ РЕТ ЖЕР СІЛКІНДІ

Телеарна ХанТВ