aspan

РАМАЗАН АЙЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚОЙ ҚЫМБАТТАДЫ

Мароккода Рамазан айы қарсаңында қой бағасы шарықтап кетті. Оған жылдар бойы жалғасып келе жатқан құрғақшылық себеп. Соның кесірінен жемшөп қымбаттаған.

 

 

 

 

 

 

 

Осыны ескерген билік тұрғындарға жылдағы дәстүрді бұзып, құрбандық шалу үшін биыл қой сатып алудан бас тартуға шақырды. Бірақ бұл бастама шаруаларға қиынға соғып отыр. Олар бірнеше ай бойы қойларын баптап, күтіп-бағып, қасапқа әзірлеген. Енді үкіметтің бұл ұсынысынан олар шығынға батамыз деп қауіптенеді. Кейінгі 10 жылда аймақты жайлаған қуаңшылықтан ірі қара саны 38%-ке төмендеген. Ал қой бағасы тұрғындардың айлық табысынан жоғары.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН 23 ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«ФЕНГАЛ» ДАУЫЛЫНАН ҮШ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

«БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС» ЖӘНЕ «ПАРАСАТ» САЯБАҚТАРЫН КӨГАЛДАНДЫРУ БАРЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ  

Телеарна ХанТВ