Ақпарат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлады.
Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.
 Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.
 Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Олжас Бектенов Астана контрреттегішінің жағдайын тексерді: жағдай тұрақты

Телеарна ХанТВ

МЕШІТТЕГІ НАМАЗ КЕЗІНДЕ ЕР АДАМ ШУ ШЫҒАРДЫ