aspan

ПОЛИЦИЯ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

Павлодар облысында полиция шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметін тоқтатты. Көші-қонды бақылаудың күшеюіне қарамастан, шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметі мәселесі өзекті болып қала береді. Бұл туралы Полиция кз хабарлайды.

Өкінішке қарай, бұл жағдай елдің еңбек нарығына да, мигранттардың өздеріне де теріс әсер етеді, олар тіркеусіз жұмыс істеп, айыппұл алып қана қоймай, одан да ауыр зардаптарға тап болады.
– Мысалы, Екібастұзда полиция кафе мен павильонда рұқсатсыз, санитарлық кітапшаларсыз сатушы болып жұмыс істеген шетелдік екі азаматтың заңсыз еңбек қызметін тоқтатты. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Материалдар сотқа жіберілді, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

САЯСИ НАУҚАННЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАЛА ӘКІМІ ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ

Телеарна ХанТВ

ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДЕБАТТАР МЕН ТАНЫМДЫҚ ШАРАЛАР ӨТТІ

Телеарна ХанТВ