aspan

ПОЛИЦИЯ 9 ЖЫЛДАН БЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН АЗАМАТТЫ ҰСТАДЫ

Түркістан облысының полициясы 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады,Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады.

35 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Күдіктінің 2015 жылы атыс қаруын қолданып, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілгені анықталды.  Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Тергеу күдіктінің қылмысқа қатысы бар екенін толық дәлелдеді, ал жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қарағайлыда салынып жатқан саябақ қала күні қарсаңында пайдалануға беріледі

Телеарна ХанТВ

Шымкенттік нейрохирургтар ми тамырының аневризмасынан әйелдің өмірін сақтап қалды

Телеарна ХанТВ

Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

Телеарна ХанТВ