aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТЕНІП ЖАТҚАН ҮЙДЕН ЕР АДАМДЫ АЛЫП ШЫҚТЫ

Құрманғазы ауданында полиция қызметкерлері жекеменшік үйлердің бірінен шыққан өртті байқап, дереу оқиға орнына бет алған. Өрт болған жерге учаскелік инспекторлар Есмағамбет Миянов, Беркін Уахитов, Карима Ниязова және патрульдік полицей Бақытжан Зияш жеткен.
Үй ішінде ер адамның қалғанын анықтаған полицейлер терезені сындырып, ішке кірген. Содан олар тұншығып, қозғалуы қиындаған азаматты сыртқа алып шықты.Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтап, оның таралуына жол бермеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«АХЫСҚА ТҮРІКТЕРІНЕ 80 ЖЫЛ»

Телеарна ХанТВ

ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

admin